Ресей билігі анекдот айтқаны үшін үш баланың әкесін соттап жатыр

Тұрғынға әлеуметтік желідегі басқа жазбалары үшін де бірнеше айып тағылған

Ресей билігі анекдот айтқаны үшін үш баланың әкесін соттап жатыр
Vasily Bolshakov/vk.com

Рязань облысының тұрғыны Василий Большаков Украинадағы соғыс туралы анекдот айтқаны  үшін қылмыстық іске тартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

BBC агенттігінің хабарлауынша, оған әлеуметтік желілердегі басқа жазбалары үшін де бірнеше айып тағылған. Василий Ресейден кетіп те қалғысы келген. Бірақ оның үйіне жасалған тінту мен қылмыстық іс Большаковтардың Ресейден кетуіне кедергі жасады. Большаковтар отбасы Аргентинада төртінші баласын дүниеге әкелмек болған.  

Ол бұған дейін әлеуметтік желіде мынадай жазба қалдырған:

«– Сергей, біз неге Херсоннан шегінеміз? – Володя, Украинаны фашистер мен нацистерден босатуды бұйырған өзің емес пе?..»

Осыдан төрт ай бұрын «Вконтакте» желісінде жарияланған осы жазбасы үшін Василий Большаков айыпты саналды.

Енді 38 жастағы тұрғын үш жылға бас бостандығынан айырылмақ. Қарулы Күштердің «беделін түсіргені» үшін оның үстінен іс қозғалды. Украинада соғыс бастағалы бері Ресейде соғысқа қарсы сөйлеген, жазылған сөздер үшін қылмыстық істер үнемі жүргізіліп келеді. Заңгер Анастасия Буракова атап өткендей, бұл Ресей тарихындағы саяси анекдот үшін қозғалған алғашқы қылмыстық іс емес. Дегенмен бұған дейінгі жағдайлар Ресейдің Украинаға басып кіруіне дейін болған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.