Қазақстанда республикалық маңызы бар бірқатар тасжолда жол қозғалысына енгізілген шектеу алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ» баспасөз қызметі хабарлады.
Солтүстік Қазақстан өңірінде:
- Астана – Петропавл тасжолының Ақмола облысының шекарасынан Бескөл ауылына дейінгі аралық ашық;
- Жезқазған – Петропавл тасжолының Явленка және Бескөл ауылдарының арасы ашық;
- Петропавл – Соколовка –Ресей Федерациясының шекарасы тасжолының Петропавл қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі аралығы ашық;
Ақмола облысында:
- Астана – Петропавл күрежолының Астана қаласынан Көкшетау қаласына дейінгі аралығы ашық;
- Астана – Петропавл күрежолының Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан өңірінің шекарасына дейінгі аралығы ашық;
- Щучье – Зеренді күрежолы ашық.
Айта кетсек, ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің үш өңіріндегі республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілген болатын.