IRONMAN Қазақстан: спорт додасының төртінші шайқасы қалай өтеді?
Жарыс Елордада 2 шілдеде басталады

Ел астанасы қатысушыларды қарсы алуға дайындалып жатыр. Бұл дода соңғы 5 жылда Астанада өткізілетін ірі халықаралық іс-шараға айналды. Тек өткен жылдың өзінде оған 5 мыңнан астам көрермен келген. Елдегі ең ауқымды спорт шарасы жайлы өткен баспасөз конференциясында ұйымдастырушылар бірегей жарыстың ерекшеліктері жайлы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Биыл жарыс Қала күні қарсаңы, яғни 2 шілдеде өтеді. Ұйымдастырушылар 60 елден 1800-ден астам спортшы қатысады деп жоспарлап отыр. Былтырғы іс-шара бірегей спорт жарысы ретінде өтті. Себебі пандемиялық шектеу, жарысты кейінге қалдыру себеп болды. Осылайша, былтыр спорт шарасына 56 елден 1634 қатысушы келіп қатысқан.
«Жарысқа қатысушылар санының жыл өткен сайын ұлғаюы бізді ұйымдастырушы ретінде қатты қуантады. Сонымен қатар триатлеттердің саны біздің елімізден де, шетелдік қатысушылар арасынан да пропорционалды түрде артып келеді. Бұл жарыстың жоғары деңгейде өткізілетінін, сондай-ақ спортшылардың тұрақты қатысуына мүмкіндік беретінін білдіреді. Біздің жарысымыз елдегі триатлонның дамуына да оң әсер етіп жатқандығына қуаныштымыз. Қауымдастықтар құрылып, қажетті инфрақұрылым салынуда, адамдардың салауатты өмір салтына бағытталған бағдарламалар енгізіліп жатыр. Мұның бәрі біздің еліміздің экономикасына оң әсер етеді. Сонымен қатар ірі бизнестің республика бойынша осындай әлеуметтік инвестицияларға деген қызығушылығының артып келе жатқанын қуана атап өткіміз келеді. Бұл біздің еліміздің экономикасын дамытудың тағы бір оң үрдісі», - деп түсіндірді жарыс директоры Алексей Сидоренко.
Оның айтуынша, мұндай бұқаралық іс-шараларды өткізуде бизнестің қолдауы ерекше маңызды. Дәстүр бойынша IRONMAN жарысының ұйымдастырушысы BI Group құрылыс холдингі. Компания өкілі Арман Лесбековтың айтуынша, жарысқа қатысушылар саны жыл санап артып келеді. Спортшылар да трансформациядан өтіп, жарысқа дайындықты алдын ала бастайды.
«Біз елімізде IRONMAN спорттық іс-шарасын тағы бір рет ұйымдастыратынымызға қуаныштымыз. Әлемге әйгілі бұл жарыс ауқымды түрде өтіп, көптеген қатысушы мен көрерменді тартады. Бұл өз кезегінде Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджі мен танылуына оң әсер етеді. Біздің компания қызметінің негізгі әлеуметтік бағыттарының бірі – спорт пен салауатты өмір салтын қолдау, сондықтан біз жарыстың дәстүрлі түрде қуана-қуана серіктесі боламыз», - деп атап өтті Арман Лесбеков.
IRONMAN Kazakhstan жарысының басты титулдық серіктесі BI Group компаниясы. Биыл спорт шарасын қолдауға «Freedom Finance Life ӨСК» АҚ қосылып жатыр.
«Біз үшін IRONMAN титулдық серіктесі атану үлкен мәртебе. Триатлонмен айналысқан өте қызықты, бірақ кейде жарақат алуың да мүмкін. Әдетте, мұндай жарысқа қатысушылар сақтандыру шарттарын жасасады, ал егер жазатайым оқиға болса, біз оларды күтпеген шығыннан қорғаймыз. Біздің команда осы іс-шаралармен айналысады. Әрбір қатысушыны ішінара 2 млн теңгеге дейін сақтандырамыз», - деді Freedom Life ӨСК басқарма төрағасы, Ironman сериясының бірнеше мәрте қатысушысы Азамат Ердесов.
«Бірнеше күнен кейін біз тіркеуді бастау процедурасының техникалық дайындығын аяқтаймыз. Тіркеу бойынша әдеттегідей жарысқа дейін алдын ала ақпараттандыру жүргізіледі. Спорт-іс шарасы басталғанға 2-3 апта қалғанда біз жарыстың бағыттары мен старт нөмірлерін алу бойынша барлық ақпаратты береміз. Жарысты өткізу үшін 2 шілде таңдалып отыр. Бұл қазақстандықтар үшін өте қолайлы, себебі жарысқа қатысушылардың 90 пайызын қазақстандықтар құрайды. Әлем чемпионатына наурызда 50 слот бөлінеді. Ол 28 тамызда өтетін жарысқа дейін дайындалуға мүмкіндік береді. Осылайша, спортшылар жарыстың өзіне де, Әлем чемпионатыда да қатыса алады. IRONMAN бойынша ерлер арасындағы жарыс слоты 10 қыркүйекте Ниццада өтеді. Оған дейін спортшылар толық дайын болады. Әйелдер арасындағы жарыс бойынша 25 слот 8 қазанда өтеді», - деді Алексей Сидоренко.
Айта кетейік, IRONMAN старты жыл бойы жер шарының түрлі орындарында өтеді. Олардың әрқайсысында маусымның басты старты – IRONMAN әлем чемпионатына қатысуға құқық беретін белгілі бір орындар (слоттар) ойнатылады.