05.03.2020, 00:47
Жаңалықтар
Үш өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
5 наурыз күні Жамбыл, Қостанай, Ақмола облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады
Фото: ашық дереккөзден
Ауа райының бұзылуына байланысты үш өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
5 наурыз күні Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с артады.
5 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Таңертең және күндіз көктайғақ, бұрқасын болжанады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысып, күндіз күші 15-20 м/с жетеді.
5-6 наурызда Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады. 5 наурызда күндіз, 6 наурызда түнде жылдамдығы 23-28 м/с күшейеді. Өңірдің жекелеген аумақтарында тұман күтіледі.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді