Еліміздің үш облысында ауа райына байланысты жол жабылды

Автор: Azattyq Rýhy

Республикалық маңызы бар автожолдардың 9 бөлігінде шектеу енгізілді

 

Коллаж: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің үш өңіріндегі республикалық маңызы бар автожолдардың 9 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, яғни 15 наурыздағы сағат 09:30-дағы ақпаратқа сәйкес, Ақмола облысында екі тасжолдың үш бөлігі:

  • Астана – Петропавл күрежолының Астана қаласынан Көкшетау қаласына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді;
  • Астана – Петропавл күрежолының Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан өңірінің шекарасына дейінгі аралық жол қозғалысы үшін жабық;
  • Көкшетау – Омбы тасжолының Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі аралығы жабық;

Батыс Қазақстан облысында:

  • Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы тасжолында Бөрлі ауылынан Ақсай қаласына дейін қозғалыс шектелді;

Солтүстік Қазақстан облысында 5 учаске:

  • Челябинск – Новосибирск тасжолының Петропавл мен Булаево қалаларының арасында жол қозғалысына шектеу енгізілді;
  • Астана – Петропавл тасжолында Ақмола облысының шекарасынан Бескөл ауылына дейінгі аралық жабық;
  • Жезқазған – Петропавл тасжолының Явленка және Бескөл ауылдарының арасы жабық;
  • Петропавл – Соколовка – Ресей Федерациясының шекарасы тасжолының Петропавл қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы шектелді;
  • Көкшетау – Омбы тасжолының Ақмола облысының шекарасынан Кішкенекөл ауылына дейінгі аралығында жол қозғалысы шектелді.