Атырау облысында кандидаттар банк ұжымымен кездесті
Аманаттықтар сайлаушыларға өңірде жүзеге асатын жобалар туралы айтты

«AMANAT» партиясы өзгерістерді қолдайды және жаңару кезеңінен өтті. Партия құрамы 70 пайызға жаңарып, түрлі сала өкілдерін бір мүдде аясында тоғыстырды. Халық аманатына адалдық танытып, жоспарлы іс-шараларды сапалы, уақытылы жүзеге асыруды көздейді. Атырауда «AMANAT» партиясының атынан алдағы сайлау науқанында бақ сынайтын бір топ үміткерлер «Халық Банкі» ұжымымен кездесу барысында осылай деді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Расында да халықпен кездесулер барысында айтылған ұсыныс, сауалдарға негізделген, аймақ үшін маңызды тақырыптарды қамтыған сайлауалды бағдарлама облыстық, қалалық және аудандық деңгейде жеке дара дайындалуымен де құнды. Оның ішінде әр ауыл-аймақтың, облыс орталығының проблемалары қамтылып, оларды шешу бағытындағы жоспарлы жұмыстар көрініс тауып отыр. «AMANAT» партиясының осындай маңызды миссиясын атап өткен кандидаттар Фатима Тулеева, Азамат Асылбеков, Айбар Ерекешов және Арман Қасымов жиналғандардың сауалдарына жауап беріп, облыс халқының тұрмысын жақсартып, әлеуетін арттыратын шаралар туралы да кеңінен айтты.
Азамат Асылбеков аймақта жаңадан салынатын қала аумағындағы 12 мектеп, аудандардағы 5 білім ордасы «Жайлы мектеп» жобасы негізінде жүзеге асатынын жеткізді. Оған қоса, экономикалық даму бағытындағы іс-шаралар, жұмыссыздар санын азайту, сапалы жолмен қамту мәселелері де сөз болды.
Еңбек ұжымы мүшелерінен түскен сауалға орай берілген жауаптар туралы айтар болсақ, партияның облыстық сайлауалды бағдарламасында таяу бес жылдықта 440 шақырымнан астам автомобиль жолдарын сапалы жөндеу мен құрылысын жүргізуге қол жеткізу көзделіп отыр.
AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді