Meta 10 мың қызметкерін жұмыстан шығарады

Azattyq Rýhy

Компания өткен жылдың қараша айында 10 мың қызметкерімен келісімшартты бұзған болатын

Meta 10 мың қызметкерін жұмыстан шығарады

Meta басшысы Марк Цукерберг 10 мың қызметкердің жұмыстан шығарылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құрамына Facebook және Instagram әлеуметтік желілері кіретін америкалық Meta корпорациясы 10 мың қызметкерін жұмыстан қысқартады. Сонымен қатар бос тұрған 5 мың жұмыс орны жойылады. Бұл туралы компанияның бас директоры Марк Цукерберг ресми блогында мәлімдеді.  

Оның сөзіне қарағанда, бұл айтарлықтай қаржы жетіспеушілігі жағдайындағы шығыстарды азайту бойынша кезекті шара болмақ.

Алдағы бірнеше айда басшылық жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерлердің жалақысы, сұраныс төмен жобалардан бас тарту мен компанияны қайта құрылымдауға қатысты жоспарларын жариялайды.  

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.