Үміткерлер балқаштықтарға партияның алдағы 5 жылға арналған жоспарын таныстырды
Балқаш ауданында Алматы облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Бақыт Атайбеков кездесу өткізді. Үміткер ауыл тұрғындарының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Сапардың мақсаты – алдағы саяси кезеңнің маңыздылығын түсіндіру, партияның сайлауалды бағдарламаларын насихаттау.
Үгіт жұмыстары барысында балқаштық ағайынға «AMANAT» партиясының алдағы 5 жылға арналған жоспары таныстырылды. Кандидаттың сөзіне сүйенсек, 2027 жылға дейінгі партия жұмысы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, өңір әлеуетін арттыруға бағытталмақ. Осы орайда, өндіріс орындары санын арттыруға, жұмыссыздық деңгейін төмендетіп жол, білім, туризм саласын өркендетуге күш салынады.
«Біздің бағдарлама азаматтардың қоғамдық қабылдау кезінде айтылған талап-тілектері негізінде жазылды. Аймақтағы талай жылдан бері қордаланған проблемасының шешілу жолы жазылды. Жамбыл, Ұйғыр, Балқаш, Талғар аудандарында газ тарату желілерін салуға күш жұмсаймыз. Мұнымен қоса, инфрақұрылымды жақсарту да басты назарда. Жергілікті маңызы бар 35,7 км автомобиль жолдарын жөндеуге ықпал етеміз», − деді жиында Бақыт Атайбеков.
Кандидат аймақтағы туризм, медицина, білім саласын дамыту жайында сөз өрбітті. Мұнымен қоса, өңірдегі инфрақұрылым мәселесін көтеріп, бағдарламадағы оның нақты шешілу жолдарын тілге тиек етті. Жиылғандарды толғандырған проблемаларды сұрастырып, нақты жауап берді.
Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді