Кахарман Жақсылық өңірлік әйелдерді қолдау орталығының ұжымымен кездесу өткізді
7 наурызда Мәжіліс депутаттығына кандидат, Қазақстан Халық партиясы Жетісу облыстық филиалының басшысы Кахарман Жақсылық «Талдықорған өңірлік әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ ұжымымен үгіт-насихат кездесуін өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуде әйелдердің зейнетке шығуы, көп балалы аналарды, толық емес отбасылары бар аналарды және мүмкіндігі шектеулі балалардың аналарын қолдау мәселелері талқыланды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі де сөз болды.