ҚХП-дан депутаттыққа кандидаттар Алматыдағы өндірістік компания қызметкерлерімен кездесті

Автор: Azattyq Rýhy

Олар партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Қазақстан Халық партиясынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Нұрсұлтан Шоқанов пен Эльмира Әуезова Алматыда «Caspian Beverage Holding» ЖШС ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сөз сөйлегендер халық партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Олар жалдамалы жұмысшылардың әлеуметтік және еңбек құқықтары, тегін медицина және білім туралы айтты. Сондай-ақ, олар қатысушыларды Қазақстандағы мұғалімдер мен дәрігерлердің мәртебесі туралы хабардар етті.

Кездесуде жұмыссыздық, көп балалы болу, қандастар мәселелері талқыланды.