«Байтақ» партиясы: қазақстандықтардың экологиялық мәдениеті төмен

Автор: Azattyq Rýhy

Партиялықтар қазақстандықтар арасында сауалнама жүргізді

 

Алматыда «Байтақ» жасылдар партиясы дөңгелек үстел өткізді, онда Мәжіліс пен қалалық мәслихаттарға депутаттыққа кандидаттар студенттер мен қоғам белсенділерімен бірге экологиялық тәрбиенің маңыздылығын талқылады.

Шараға Алматы жастарының жүзге жуық өкілі қатысты. Дөңгелек үстелде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Арман Қашқынбеков пен Айнұр Сәбитова сөз сөйледі. Сонымен қатар, кездесуге елордалық мәслихаттың жасылдар партиясынан депутаттығына кандидаттар мен Астана қаласы штабының мүшелері, 18 жастан асқан жастар, студенттер мен қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты.

Кездесуге қатысушылар халыққа экологиялық білім берудің жаңа бағдарламасына ұсыныстар дайындады.

Тегтер: