Бүгін еліміздің бірқатар облысында жаңбыр, кей өңірінде қар жауады

Автор: Azattyq Rýhy

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді

Фото: unsplash

Синоптиктер 13 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгін Қазақстанның басым бөлігі антициклон сілемінің ықпалында болады. Республиканың шығысы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы арқылы атмосфералық фронтальды бөлімдер өтеді, соған байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауып, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ болып, елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы ықтимал.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -10-12, күндіз -0-2 градус аяз болады.

Алматыда бұлтты ауа райы болады, өткінші жаңбыр жауады, түнде қатты жаңбыр жауады, таңертең тұман түседі. Батыстан соғатын жел солтүстік-батыстан жылдамдығы 3-8, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +3-5, күндіз +8-10 градус жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Шығыстан соғатын жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +5-7, күндіз +18-20 градус жылы болады.