Қызылорда облысында үміткерлер теміржолшылармен кездесті

Автор: Azattyq Rýhy

Олар халыққа сайлауалды бағдарламаның негізгі критерийлері туралы баяндады

Бүгін «AMANAT» партиясынан Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттығына үміткерлер Батырхан Базарбаев, Жандос Базартай, Айсұлу Қасымова, Нұрболат Ибраев теміржолшылармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Штаб мүшелері партияның сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарына тоқталып, халық тұрмысын арттыру, еңбек адамын дәріптеу шараларын талқылады.

Кездесуде облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Айсұлу Қасымова алдағы саяси науқанда ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары сайлауы жөнінде тарқатып айтып өтті. Партияның сайлауалды бағдарламасындағы еңбек адамын қолдауға бағытталған жұмыстарға тоқталды.

«AMANAT» партиясы еңбек адамының құқығын қорғау, оларға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын көтеруді өзінің сайлауалды бағдарламасына енгізіп отыр. Өндірістегі мамандардың денсаулығы мен өмірі сақтандырылуы тиіс. Алдағы жылдарда осы мақсаттағы жұмыстар кезең кезеңімен жүргізіледі. Еңбек адамы қашанда құрметке лайық. Мұны жетекші партия өз бақылауына алуда» – деді  Айсұлу Қасымова.

Үміткер Нұрболат Ибраев алдағы 5 жылда қоғам сұранысына сай бақуатты өмір, лайықты жұмыс пен еңбек жағдайы жақсаратынын атап өтті.

«Барлығыңыз «АМАNАТ» партиясының қызметімен тікелей таныссыздар. Бұл тек сайлау алдындағы кезеңде ғана емес, тәулік бойы жұмыс істеп, ел тұрғындарының мәселелерін шешетін партия. Сіздерде халықпен тікелей жұмыс жасап отырсыздар. Қазір ақпараттық технология заманында – әрбір айтқан сөзіңізден кейін бәрін тексеріп, өз қорытындыңызды жасауға болады. «АМАNАТ» партиясы – нар тәуекел етіп, азаматтардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге бар күш-жігерін жұмсауға ниетті», – деді Нұрболат Ибраев.

Келесі үміткер Жандос Базартай жастарға жасалатын жағдайларды жеткізді.

Облыста жастардың жұмыссыздық деңгейі 4,0%-ды құрайды және тұрғын үй кезектілігінде 7244 жастар тұр. Осы ретте, «AMANAT» партиясы және оның «Жастар Рухы» жастар үшін әлеуметтік лифтілерді құруға, жас отбасылар үшін тұрғын үй мәселесін шешуге, жұмысқа орналасуға, білім беруге баса назар аударатын болады. «AMANAT» партиясы өткеннен сабақ алып, бүгінге әділ баға беретін және болашаққа сеніммен қарайтын саяси ұйым. Сондықтан біз нақты мәселелерді шешу кезінде ең алдымен азаматтардың құқықтарын қорғауға баса назар аудару бағытында жұмысымызды қайта құрдық. Біз үшін ел азаматтарының сенімі үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан 19 наурызда «AMANAT» партиясын қолдап дауыс беруге шақырамын»,- деді ол.

Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді