Қазақстанда COVID-19 жұқтырғанедар саны айтарлықтай төмендеді

Автор: Azattyq Rýhy

1 700-ден астам адам коронавирус инфекциясынан емделуде

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 жұқтырудың 58 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

1 783 адам коронавирус инфекциясынан (–1 604+ және 179 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 130 пациент стационарда, 1 653 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 2 адамның жағдайы ауыр, 3 пациенттің жағдайы өте ауыр, ал 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Тегтер: