Тағы үш адам ауруханаға жеткізілді
Атырау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
9 наурыз күні республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 551 шақырым тұсында «Ларгус» және УАЗ автокөліктерінің бетпе бет соқтығысуынан ірі жол-көлік оқиғасы орын алды.
Салдарынан оқиға орнында «Ларгус» автокөлігінің 1990 ж.т жүргізушісі және 1994ж.т., 2022 ж.т., жолаушылары қаза тапты.
УАЗ автокөлігінің 3 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді.