ШҚО-да «AMANAT» кандидаты еңбек ұжымымен кездесті

Автор: Azattyq Rýhy

Кандидат кездесуде партияның азаматтардың нақты табысын арттыруға күш салатынын айтты

Фото ашық дереккөзден

«AMANAT» партиясының кандидаты Илья Смирнов Алтай ауданында «ПЛЮС» ЖШС ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кандидат кездесуде партияның азаматтардың нақты табысын арттыруға күш салатынын айтты.

«AMANAT» партиясы негізгі экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, ең төменгі жалақыны жыл сайын өсіріп отыруға қол жеткізеді. Біз мемлекеттік және азаматтық қызметкерлердің еңбекақысын арттыру арқылы жалақы жүйесін қайта қарастырамыз. Сондай-ақ, бүгінде көптеген кәсіпорын жұмыс орындарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды елемейді. «AMANAT» партиясы мемлекет пен қоғам тарапынан жұмыс берушінің жауапкершілігі мен жұмысшының қауіпсіздігін бақылауды күшейтеді. Қашан да қарапайым халықтың қасынан табылатын «AMANAT» партиясына дауыс беріңіздер!», - деді облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Илья Смирнов.

Кездесу соңында еңбек ұжымының ұсыныс-пікірі тыңдалды.  

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді