$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Астана-Зеленстройдың» бас директорына 185 млн теңге айыппұл салынды

Бұл туралы Антикор хабарлады

«Астана-Зеленстройдың» бас директорына 185 млн теңге айыппұл салынды

«Астана-Зеленстрой» ЖШС бас директорына 185 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлім еткендей, Астана қаласы Байқоңыр ауданының № 2 сотында «Астана-Зеленстрой» ЖШС Бас директоры А.Наурызәлі «Табиғат-Сервис НС» ЖШС директорының орынбасары С.Карловадан жасыл екпелерді күтіп ұстау бойынша артықшылық бергені және орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 9 миллион теңге алу фактісі бойынша істі қарау аяқталды.

«Биылғы 3 наурыздағы сот үкімімен Наурызәлі пара алғаны үшін кінәлі деп танылды және оған мемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы – 185 миллион теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды», - делінген Антикор хабарламасында.

Карловқа сот параның он бес еселенген сомасы – 135 миллион теңге көлемінде айыппұл салды.

Серіктес жаңалықтары