Бұл Украинаның Еуропалық одаққа мүшелігі туралы келіссөздерді бастау үшін маңызды
Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Лейен еуроинтеграция үшін маңызды Украинаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа қадамдарын оң бағалады. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский бейнеүндеуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Еурокомиссия президенті мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы ілгерілеуіне оң баға берді. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны бекіту және Украинаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросының жаңа директорын тағайындауға байланысты оң пікір бар», - деді президент Зеленский.
Ол бұл бағалау Украинаның Еуроодаққа мүшелігі туралы келіссөздер басталғанға дейін еуроинтеграциядағы одан әрі даму аясында маңызды екенін атап өтті.
Бұған дейін Украинада сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманға сай және тиімді инфрақұрылымды қалыптастыру аясында мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламаны бекіткені туралы хабарланған болатын.
Айта кетейік, Еурокомиссия Украинадағы сыбайлас жемқорлық фактілерін тергеу аясында мемлекеттің бұл құбылысты жою үшін реформалар жүргізу жөніндегі күш-жігерін құптайды.