Доллар қайта қымбаттай бастады: 10 наурыздағы валюта бағамы қандай

Azattyq Rýhy

Ұлттық банк жұмаға арналған валюта бағамын жариялады

Доллар қайта қымбаттай бастады: 10 наурыздағы валюта бағамы қандай
Фото: kapital.kz

Қазақстанның Ұлттық банкі 10 наурызға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Бүгін, яғни жұмада доллар бағамы тағы үш теңгеге көтеріліп, 441,12 теңге болып бекітілді.

Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта бағамы 438,57 теңге болған еді.

Ресей рублінің ресми бағамы 5,81 теңге болды.

Қазақстандық қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 443 теңгеден сатып алынып, 447 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында да орташа есеппен 441 теңгеден сатып алынып, 444 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

  • USD / KZT – 441,12 (АҚШ доллары)
  • EUR / KZT – 465,6 (еуро)
  • RUB / KZT – 5,82 (ресейлік рубль)
  • TRY / KZT – 23,28 (түрік лирасы)
  • CNY / KZT – 63,38 (қытай юані)
  • KGS / KZT – 5,05 (қырғыз сомы)
  • UZS / KZT – 3,88 (өзбек сомы).
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.