Кәріз және су құбыры желілеріне қызмет көрсететін «Теплоэнергия» МКК-де тексеру жұмыстары басталды
Экология департаменті ШҚО-дағы өзеннің ағынды сумен ластануын растады. Алдын ала қорытынды бойынша Глубокое ауданының шенеуніктері тазарту қондырғыларының тозған жабдықтары бар коммуналдық кәсіпорынды қараусыз қалдырған, деп жазады Azattyq Rýhy inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
«Мұнда тазарту қондырғылары кеңестік заманнан бері жұмыс істейді. Коллектор желісі жарамсыз, техникалық тұрғыдан тозған. Бұл кәріз құдықтарынан судың ағып, Глубочанка өзеніне ағып кетуіне себеп болуда», - деді экология департаментінің басшысы Данияр Әлиев.
2021 жылы ауданның қаржы бөлімі кәсіпорынды «Теплоэнергия» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының балансына берген.
«Осы тұста олар қаржылық тұрғыдан қолдау көрмеген. Бүгінде оларда техника да, жұмыс күші де жоқ. Салдарынан өзеннің ластануына әкеліп отыр. Тексеру жұмыстары аяқталғаннан соң қаржы бөлімі мен ТКШ бөліміне қатысты шешім шығарамыз», - деді аймақтың бас экологы.