Арнайы карта елдімекендерді су басу қаупін анықтауға мүмкіндік береді
Қазақстанда қар жамылғысының аумағы 56% құрайды. Бұл туралы ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
ҚазақстанТЖМ өңірлердегі ықтимал су тасқыны жағдайын бағалау үшін Қазақстанның қар жамылғысының картасы пайдаланылады. Картаны «Қазгидромет» РМК қар жамылғысының жедел ғарыштық мониторингінің деректері бойынша жасайды.
«Картаны жасау кезінде «Қазгидромет» қар жамылғысының ауданын аймақтың жалпы аумағының пайызымен бағалайды, бұл қардың қай жерде белсенді еріп жатқанын бағалауға және еріген суынан елдімекендерді су басу қаупін анықтауға мүмкіндік береді», - дейді ведомство өкілдері.
Сонымен қатар картада көрсетілген өзен бассейндері мен ірі су қоймаларының су жіберу алаңдары өзендердегі су шығынының ұлғаю процесі қай жерде және қашан басталатынын және олар арқылы еріген қар суының үлкен ағыны қаупі қайда төмендегенін бағалауға мүмкіндік береді.
«Мәселен, 2023 жылғы 8 наурыздағы мәлімет бойынша Маңғыстау, Қызылорда, Атырау облыстарында қар жоқ, Түркістан, Жамбыл облыстарындағы шағын таулы аймақтарда қар жоқ деуге болады. Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында қар белсенді еріп жатыр. Ақтөбе облысындағы Сағыз және Ембі өзендерінің бассейндерінде қардың еруі Атырау облысындағы осы өзендерде су шығыны ұлғая бастайтынын білдіреді», - дейді мамандар.