Кандидаттар «Есіктен – есікке» принципімен жақын маңдағы үйлерді аралады
Шымкентте ақпараттық-насихат жұмысы кезінде неғұрлым көп сайлаушыны қамту маңызды. Тұрғындармен тікелей жүздесіп, көзбе-көз сөйлескен тиімді әдіс саналады. Осыған орай «AMANAT» партиялық тізімі арқылы сайлауға түсетін үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын жоспарға сай жүргізіп келеді. Шымкент қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер Жанар Бектаева, Мақсат Абдукаримов, Арай Есенбек Шымкенттің ең ірі көшелерінің қиылысында болып, сайлаушыларға ақпараттық-насихат материалдарын таратты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Шымкенттіктер саяси науқанға қызығушылық танытып, сұрақтарын қойып, партия белсенділерінің жауаптарын алуда. Үміткерлер, сонымен қоса, партиямыздың сайлауалды бағдарламасында қамтылған бағыттарды да түсіндірді.
Кандидаттар, мұнымен қоса, «Есіктен – есікке» принципімен жақын маңдағы үйлерді аралады. Пәтер иелерімен тілдесіп, алға қойған жоспармен бөлісті.
Қала тұрғындарының сайлауға қызығушылығы жоғары деуге болады. Кандидаттармен әңгімелесіп, өздерінің сұрақтарын қою мүмкіндіктерін пайдаланып, ұсыныстары мен талаптарын жеткізуде.
Айта кетейік, 19 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттардың депуттарын сайлау өтеді.
Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді