Ол әлемнің әртүрлі қалаларындағы жағдай туралы материалдарымен танымал
Ресейлік блогер Илья Варламов Instagram парақшасында Түрікменстан азаматтығын алғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бүгін Ыстамбулдағы елшілікте Түрікменстан азаматтығын алдым, ақыры төлқұжатқа қолым жетті», – деп жазды блогер және урбанист Илья Варламов.
Ол Ресей азаматтығынан бас тартқаны туралы сауалды жауапсыз қалдырды.
Ресей мен Түрікменстан арасындағы қос азаматтық туралы келісім 1993 жылдан бастап күшіне енген, бірақ 2015 жылы тоқтатылған болатын.
Ресейлік қоғам қайраткері, журналист, кәсіпкер және видеоблогер Илья Варламов әлемнің әртүрлі қалаларындағы жағдай туралы материалдарымен танымал. 2017 жылдан бастап ол «Varlamov» атты YouTube каналын белсенді жүргізіп келеді. Каналдың 4,1 миллионнан астам жазылушысы және 1,320 миллиардтан астам қаралымы бар.
Айта кетейік, Ресей мен Украина арасындағы шиеленіске байланысты Владимир Путин бірнеше рет ішінара мобилизация жариялаған болатын.