Боксшылар рингке 4 наурызда шығады
Амманда Қазақстан құрамасы қатысатын бокстан Океания мен Азия құрлықтық іріктеу турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Бұл жарыста 2020 жылғы Токио Олимпиадасына 63 жолдама ойнатылады. Қазақстан атынан бұл турнирге 13 салмақта 13 боксшы қатысады. Жеребе қорытындысы бойынша, қазақстандық боксшылардың көбі бірінші айналымды өткізіп, жарыс жолын екіншісінен бастайды.
Ерлер:
52 келі: Сәкен Бибосынов/Танака Риоми (Жапония)/Азат Үсеналиев (Қырғызстан) жұбының жеңімпазы
57 келі: Серік Теміржанов/Аль-Судани (Ирак)
63 келі: Зәкир Сафиуллин/Карауи Хайдер (Ирак)/Шан Жун (Қытай) жұбының жеңімпазы
69 келі: Абылайхан Жүсіпов/Баттумур (Моңғолия)/Зарумалингам (Катар) жұбының жеңімпазы
75 келі: Әбілхан Аманқұл/Ким Жинжея (Оңтүстік Корея)/Бахтиор Мирзомухаммад (Тәжікстан) жұбының жеңімпазы
81 келі: Бекзат Нұрдәулетов/Памбеллоне (Жаңа Зеландия)/Умемура Рен (Жапония) жұбының жеңімпазы 6 наурыз
91 келі: Василий Левит/Давлат Болтаев (Тәжікстан)/Сандажсурен (Моңғолия)
91 келіден жоғары: Қамшыбек Қоңқабаев/Рамезанпаурделвари (Иран)/Айхемайти (Қытай) жұбының жеңімпазы
Әйелдер:
51 келі: Ангелина Лукас/Ютамас Йитронг (Тайпей) 8 наурыз
57 келі: Дәметкен Келімбет/Инь Юньхуа (Қытай)
60 келі: Римма Волосенко/Бац Симранжит Каур (Үндістан) 5 наурыз
69 келі: Валентина Халзова/ Сюён Чои (Оңтүстік Корея)
75 келі: Надежда Рябец/ Навбахор Хамидова (Өзбекстан) 7 наурыз.
Жарыс астана уақытымен сағат 15:00-де басталады.