Биыл Қазақстанда жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақшаға 70 мектеп салынады

Автор: Azattyq Rýhy

Ол үшін құжаттар да, тізім де дайын

Фото ашық дереккөзден

Биыл Қазақстанда жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақшаға 70 мектеп салынады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Биыл жемқор шенеуніктер ақшасына 70-тен аса мектеп салынады. Ол үшін құжаттарымыз бар, тізім де бар. Жақын күндері бұл тізім қолдау алған соң, құрылысқа қаржы бөлінеді. 20-ға жуық өңірді қамтиды», - деді министр үкімет кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.

Министр бұл жобада жаңа мектептер салу да, бұрыннан барларды жөндеу де қарастырылатынын айтты.