Павлодарда қоқыс жәшігінен өлі туған шарана табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды

Фото ашық дереккөзден

Павлодарда қоқыс жәшігінен өлі туған шарана табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

7 наурыз сағат 12:47-де Павлодар қаласының полициясына Бұқар жырау көшесінде, үйдің ауласындағы қоқыс жәшігінен өлі туған баланың денесі табылған.

Аталған дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

ҚР ҚК 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы фактіге қатысы бар адамды жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр.