Доллар аздап қымбаттады: 7 наурыздағы валюта бағамы қандай

Автор: Azattyq Rýhy

Ұлттық банк сейсенбіге арналған валюта бағамын жариялады

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанның Ұлттық банкі 7 наурызға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Бүгін, яғни сейсенбіде доллар бағамы сәл көтеріліп, 432,83 теңге болып бекітілді.

Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта бағамы 431,08 теңге болған еді.

Ресей рублінің ресми бағамы 5,75 теңге болды.

Қазақстандық қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 436 теңгеден сатып алынып, 442 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында да орташа есеппен 436 теңгеден сатып алынып, 439 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

  • USD / KZT – 432,83 (АҚШ доллары)
  • EUR / KZT – 460,06 (еуро)
  • RUB / KZT – 5,75 (ресейлік рубль)
  • TRY / KZT – 22,9 (түрік лирасы)
  • CNY / KZT – 62,46 (қытай юані)
  • KGS / KZT – 4,95 (қырғыз сомы)
  • UZS / KZT – 3,81 (өзбек сомы).