Қазақстандықтарды ірі онлайн-дүкеннің атынан алдайтын алаяқтар пайда болды

Автор: Azattyq Rýhy

Хабарламада акцияны Wildberries онлайн-дүкені ұйымдастырғаны айтылады

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандықтарды ірі онлайн-дүкеннің атынан алдап жүрген алаяқтар пайда болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Stopfake.kz порталының хабарлауынша, WhatsApp-та сауалнамадан өтіп, сыйлық ретінде смартфон алуға шақыратын хабарлама тарап жатыр. Хабарламада акцияны Wildberries онлайн-дүкені ұйымдастырғаны айтылады. Бұл – алаяқтардың ісі.

«Дүкеннің ресми сайтында сауалнамадан өткені үшін смартфон ойнатылатын туралы ақпарат жоқ. Әлеуметтік желілердегі маркетплейстің ресми парақшаларында да ұтыс ойыны туралы айтылмаған. Демек, Wildberries-тің бұл сауалнамаға ешқандай қатысы жоқ.
Сауалнамадан өткені үшін ақша немесе бағалы сыйлықтар ұсыну – алаяқтардың сүйікті әрекеттерінің бірі», - делінген хабарламада.

Осылайша, алаяқтар логиндер, парольдер, онлайн-банкингке кіру кодтары және төлем карталарының деректері сияты жеке деректерді жинайды

«Мұндай сауалнамаларға қатыспаған жөн. Сізге ешқандай сыйлық берілмейді, бірақ алаяқтар жеке шоттарыңызға кіруі мүмкін немесе картадағы ақшаңыздан айырылуыңыз ықтимал», - дейді мамандар.