Cирия президенті Қазақстанға алғыс айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Сирияда жойқын жер сілкінісінен кейін 8 мыңнан аса адам көз жұмды

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Cирия президенті Башар Әл-Асад Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысының атына Сирия президентінен жеделхат келіп түсті. Онда Башар Әл-Асад биыл ақпан айында болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты.

– Қиын-қыстау шақта бізге қолдау білдіріп, адамгершілік және ізгілік танытқан Қазақстанның ұстанымын Сирия халқы жоғары бағалайды, – деп жазылған жеделхатта.

Айта кетейік, Сирияда жойқын жер сілкінісінен кейін 8 мыңнан аса адам көз жұмды. Ал Қазақстан зілзаладан зардап шеккен сириялықтарға 50 тонна гуманитарлық көмек жіберген болатын.