Ұлттық банк дүйсенбіге арналған валюта бағамын жариялады
Қазақстанның Ұлттық банкі 6 наурызға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін, яғни дүйсенбіде доллар бағамы тағы бірден 4 теңгеге құлдырап, 431,08 теңге болып бекітілді.
Айта кетейік, өткен аптаның соңында америкалық валюта бағамы 435,69 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 5,72 теңге болды.
Қазақстандық қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 433 теңгеден сатып алынып, 437,5 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында да орташа есеппен 433 теңгеден сатып алынып, 436,5 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша: