Кореяда қазақстандықтың коронавирус жұқтырғаны әлі расталған жоқ - ҚР СІМ

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанның Сеулдегі Елшілігінің атына корей тарапынан ресми хабарлама түспеген

Фото: ашық дереккөзден

Бұған дейін отандық БАҚ беттерінде Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырған қазақстандықтың карантиннен қашып кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматының коронавирус жұқтырғаны туралы ақпарат расталмаған, себебі Қазақстанның Сеулдегі Елшілігінің атына корей тарапынан ешқандай ресми хабарлама түспеген. Біздің дипломаттар Кореяның әлеуметтік желілерінде тараған ақпараттың нақтылығын анықтауда», - деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.