Грекия премьер-министрі теміржол апатынан зардап шеккендердің туыстарынан кешірім сұрады

Автор: Azattyq Rýhy

Ол цифрлық басқару жүйесі алдағы бірнеше айда толық іске қосылатынын айтты

Фото ашық дереккөзден

Грекияның премьер-министрі Кириакос Мицотакис өзінің Facebook парақшасында 57 адам қаза тапқан Лариса қаласындағы жолаушылар пойызының апатынан зардап шеккендердің туыстарынан кешірім сұрады.

Ол 2023 жылы Грекияда екі пойыз бір жолмен бір-біріне қарай жылжып бара жатқанын елестету мүмкін емес екенін және оны ешкім байқамағанын атап өтті.

«Біз бұл апатты адам қателігімен жаба алмаймыз, жасырмаймыз және жасырмауымыз керек. Егер [пойыз қозғалысын] қашықтан басқару жүйесін енгізу жұмыстары аяқталса, онда бұл апат іс жүзінде мүмкін болмас еді», — деп атап өтті Мицотакис.

Ол цифрлық басқару жүйесі алдағы бірнеше айда толық іске қосылатынын айтты.

Премьер-министр қайғылы жағдай тергелетініне, кінәлілер жазаланатынына және бейінді министр теміржолдардағы қауіпсіздікті дереу жақсарту жөніндегі шараларды жариялайтынына сендірді.

Еске сала кетейік, 1 наурызда Грекияда ірі теміржол апаты болды. Бір-біріне қарай жылжып келе жатқан жолаушылар мен жүк көліктерінің екі құрамы бір жолда болды. Нәтижесінде екі пойыз соқтығысып, содан кейін өрт шықты.

Сол күні Hellenic Trains станциясының бастығы қамауға алынды. Оған апат үшін негізгі жауапкершілік жүктелген. Сонымен қатар, 1 наурызда Грецияның көлік министрі Костас Караманлис отставкаға кетті.