Елімізде ипотека мен тұтынушылық кредитті рәсімдеушілер қатары артқан

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлім етті

Фото ашық дереккөзден

Биыл жеке тұлғаларға берілген кредит саны ұлғайып, 14,3 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жеке тұлғаларға кредиттер 2023 жылғы қаңтарда 0,7%-ға ұлғайып, 14,3 трлн теңгені құрады. Жеке тұлғаларға кредиттердің өсуі ипотекалық кредиттеудің 0,8%-ға 4,8 трлн теңгеге дейін ұлғаюына, сондай-ақ тұтынушылық қарыздардың 0,6%-ға 7,7 трлн теңгеге дейін өсуіне байланысты. 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдайға сәйкес банк секторы бойынша 90 күннен астам төлем мерзімі өткен қарыздар деңгейі (NPL90+) жалпы несие портфелінің 3,4%-ын немесе 824 млрд теңгені құрады (2023 жылғы 1 қаңтарға – 3,4% немесе 815 млрд теңге)», - делінген хабарламада.