Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды
Ақтөбе облысында жол апатынан 4 шетелдік қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz телеграм-арнасына сілтеме жасап.
4 наурыз күні Солтүстік айналма жолда КамАЗ жүк көлігі мен Cobalt жеңіл автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.
Салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушы, барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары, оқиға орнында көз жұмды.
Сотқа дейінгі тергеу басталды және жол-көлік оқиғасының мән-жайлары анықталып жатыр.