Бүгін еліміздің барлық өңірінде тұман, көктайғақ болады

Автор: Azattyq Rýhy

Жауын жауып, жел күшейеді деп болжануда

Фото ашық дереккөзден

5 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс циклонының және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидрометке сілтеме жасап.

Осыған байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, желдің күшеюі болжанады. Елдің солтүстігінде, шығысы мен орталығында, сондай-ақ жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстікте – найзағай, барлық өңірде тұман мен көктайғақ болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын жауады. Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі.