19.02.2023, 17:59
Жаңалықтар
«Байтақ» жасылдар партиясы әділ сайлау өткізу жөніндегі меморандумға қол қойды
Партиялар үгіт-насихат кезеңінде ашық бәсеке жүргізуге уағдаласты.
«Байтақ» жасылдар партиясы алдағы Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына қатысатын алты саяси партияның өкілдерімен бірге әділ сайлау өткізу жөніндегі меморандумға қол қойды.
Құжатқа қол қоя отырып, партиялар тек қолданыстағы заңнама аясында әрекет етуге, сондай-ақ үгіт-насихат кезеңінде ашық бәсеке жүргізуге уағдаласты.
«Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртайдың айтуынша, саяси бәсекелестік пен көппартиялық жүйенің қалыптасуы әлеуметтік-экономикалық жағдайға оң әсерін тигізіп, тұрғындардың мәселелерін тез арада шешуге мүмкіндік береді.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
20.11.2026, 16:46
Астанадағы атышулы самса цехы жабылды: журналистерге шабуыл жасаған әйелдің былығы әшкере болды
