ЖСДП партиясының сайлауалды штабы ашылды

Автор: Azattyq Rýhy

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның сайлауалды штабының ашылуы және презентациясы өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. 

Партия өзінің сайлауалды бағдарламасын ұсынды, сонымен қатар Мәжіліс депутаттығына партия тізімі бойынша кандидаттарды таныстырды. Партия атынан 4төрт спикер сөз сөйледі.

ЖСДП төрағасы Асхат Рахимжанов партия 2013 жылдың наурызында қабылдаған бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастырып жатқанын атап өтті.

«Біздің бірқатар бастамамыз Қазақстанда сәтті енгізілді, оның ішінде жақында өткен жалпыхалықтық референдум барысында қазақстандықтар дауыс бергені де бар. Алайда біздің мемлекетіміздің дамуына қатысты экономикалық және әлеуметтік күн тәртібіндегі бірқатар жүйелі мәселелер ушығып барады. Сол себепті біздің партиямыздың «Еркіндік, Әділдік, Ынтымақ!» ұранының өзектілігі бүгінгі күні артып отыр», - деп белгіледі өз сөзінде партия төрағасы.

Партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары:

  • саяси реформаларды жүзеге асыруды күшейту;
  • азаматтардың материалдық жағдайын кейінгі мемлекеттік деолигархизациялау арқылы жүйелі жақсарту;
  • баршаға қолжетімді әлеуметтік қорғау.
Тегтер: