Кездесуге қатысушылар өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтты
Кандидаттар Атырау индустриалды колледжінде сайлаушылармен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«AMANAT» партиясы алдағы 5 жылда аймақтағы білім беру сапасын арттыруға және білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударады.
Бұл тақырып бүгін бір топ атыраулық кандидаттардың Атырау индустриалды колледжінде өткен сайлаушылармен кездесуі барысында талқыланды.
Бүгінгі студент – ертеңгі маман. Отандық қамту үлесін арттыру, жергілікті жұмысшыларға басымдық беру секілді мәселелерді оңтайлы шешу үшін білім сапалы, заманауи болғаны жөн. Ол мақсатқа жету үшін «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында қандай іс-шараларды атқару жоспарланып отыр?
Осы сауалға толыққанды жауап ұсынған кандидаттар Бағыт Шеркешбаева, Абылай Құрметұлы, Айбар Ерекешов, Назерке Кусесова сұрақтарға жауап беріп, ұсыныс, пікірлерді де тыңдады. Оларды арнайы аманаттар жәшігіне жинақтап, алдағы уақытта партиялық жұмыстар барысында, бағдарламаны толықтыру кезінде қаперге алынатынын атап өтті.
Атырау облысының мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді