$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«AMANAT» партиясы республикалық сайлауалды штабының мүшелері Махамбет ауданында болды

Олар ауыл тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасындағы ауылға қатысты мәселелерді түсіндірді

«AMANAT» партиясы республикалық сайлауалды штабының мүшелері Махамбет ауданында болды

Құрамында Бақтықожа Ізмұхамбетов, Аманжол Әлтай, Айдос Сарым, Айгүл Әмірғалиева, Жеңіс Әбілқарес сынды мүшелері бар «AMANAT» партиясының республикалық сайлауалды штабының бір топ мүшелері бүгін Махамбет ауданына барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іссапар барысында топ мүшелері Бейбарыс ауылдық округінде орналасқан «Первомайский СП» серіктестігінің жұмысшыларымен кездесіп, ауыл тұрғыны, партия ардагері Төлеген Ұзақбайұлымен дидарласты. Бұған қоса, Сарайшық ауылдық округіндегі «АтырауАгроӨнімдері» ЖШС-не барып, еңбек ұжымының пікір, ұсыныстарын тыңдады.

Ауданға сапар барысында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы талқыланып, соның ішінде ауылды дамыту, агрокешенді өрістету бағытындағы жұмыстар жайы сараланды.

Ауыл - қазақ жерінің өзегі. Ауыл тұрғындарының болашаққа деген сенімін, ерік-жігерін, даму қуатын арттыру, экономикасын көтеру, ауылда еңбек ету абыройлы әрі пайдалы болатындай жағдай жасау – «AMANAT» партиясының алға қойған айқын мақсатының бірі. Қазақ жерінің әлеуеті жүз миллион адамды тамақтандыруға жетеді. Демек, агроөнеркәсіптік кешен жоғары өнімді экспорттық секторға айналуға тиіс. Ауылдық жердегі тұрмысты қалалық деңгейге мүмкіндігінше жақындатып, тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету. «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында айқындалған міндеттер осындай.       

Атырау облысының мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары