Абай облысында 70-тен астам көлік қарлы боран құрсауынан шығарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Патрульдік полиция ротасының экипажы жолды жауып тастад

Коллаж: Azattyq Ruhy

Семей – Өскемен тасжолында 70-тен астам көлік қолайсыз ауа райының құрсауынан шығарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Полиция департаментінің бастығы Сұлтан Бекторенің нұсқауы бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицейлер адамдарға көмекке аттанды.

«Патрульдік полиция ротасының экипажы жолды жауып тастады. Жүк тиегіш пен грейдер жолды қардан тазартты. Баған Семей қаласына қарай жүрді», - деді ПД өкілі.