Доллар тағы күрт арзандады: 3 наурыздағы валюта бағамы қандай
Ұлттық банк жұмаға арналған валюта бағамын жариялады
Қазақстанның Ұлттық банкі 3 наурызға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін, яғни жұмада доллар бағамы бірден 5,98 теңгеге бір-ақ арзандап, 435,69 теңге болып бекітілді.
Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта бағамы 441,67 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 5,78 теңге болды.
Қазақстандық қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 436,5 теңгеден сатып алынып, 441 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында да орташа есеппен 436 теңгеден сатып алынып, 440 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
- USD / KZT – 435,69 (АҚШ доллары)
- EUR / KZT – 462,88 (еуро)
- RUB / KZT – 5,78 (ресейлік рубль)
- TRY / KZT – 23,07 (түрік лирасы)
- CNY / KZT – 63,17 (қытай юані)
- KGS / KZT – 4,98 (қырғыз сомы)
- UZS / KZT – 3,85 (өзбек сомы).