Тұрғындар жиында ауыл шаруашылығының мәселелерін айтты
Бүгін Маңғыстау облыстық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар Анар Шамшадинова, Раушан Аймурзаева, Жамболат Тангиев Маңғыстау ауданының Жармыш ауылына барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тоғыз жолдың торабы болған ауылда ауылшаруашылығы жақсы дамыған. Десе де ауылға қатысты айтар мәселелері жетіп артылады. Ауыл үлкендері мен мәдениет үйінің қызметкерлері қатысқан жиында ауылдағы ауыз су мәселелесі қозғалды. Аядай ауылда ауыз су мәселесі шешілмей келе жатқанын көтерді.
Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Анар Шамшадинова Маңғыстаудың қарашаңырағы болған ауданда күрмеуі шешілмей келе жатқан мәселелердің барын ашып айтты. Партияның алдағы бес жылға арналған жоспарында ауылды дамыту басты назарға алынғанын, ауылшаруашылық өнімдерін дамытып, ауыз су мәселесін шешу жоспарда барын жеткізді.
Жұмыстың жоқтығынан ауыл жастары өз бизнестерін бастап, ауыл шаруашылығын дамытқысы келеді. Алайда облыс орталығында ауыл шаруашылығын дамытуға арналған бизнес жобалары бірнеше мәрте қолдау таппағанын айтты.
Пандемия кезінде «ауылдың еті мен шұбаты керек» деп ауылға жүгірдік. Бірақ жем, шөп мәселесін шешу үшін жасалған бизнес жоспарлары қолдау таппаған. Орынды мәселе.
Осы орайда сөз алған жеке кәсіпкер Раушан Аймурзаева кәсіпке келу оңай емес екенін айтып, бірақ жобаларын қайта қарап, өзімен байланысуын сұрады. Кәсіптің қыр-сырынан хабардар ол істің басталуына мейлінше жол сілтеуге дайын екенін жеткізді.
Әкім мен депутатқа сенімі жоғалған ауыл тұрғындары ауылда жаңадан салынған мәдениет үйінің әлі күнге ешкімнің балансына берілмей отырғанына қамығып, осы мәселені шешіп берулерін сұрады. Бүгінгі кездесуге келіп, ертеңге еңбек етеміз деген жастарға батасын беріп, қолдау білдірді.
Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді