Кандидаттар халықты алдағы сайлау барысынан құлағдар етіп, оның маңыздылығын түсіндірді
Бүгін Қонаев қаласы Арна ауылында «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Дархан Суртаев және Әсел Заирова тұрғындармен жүздесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шара ауылдық мәдениет үйінде өтті. Жиында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы саяси кезеңде қолдау білдіруге шақырды.
Олардың айтуынша, партияның алдағы мақсаты өңір әлеуетін арттыру, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға атсалысу. Ол үшін Алматы облысында өндіріс саласын дамытуға күш салып, 140 мыңнан аса тұрақты жұмыс орындарын құруды көздейді. Орташа жалақы көлемі шамамен 400 мыңға дейін өседі.
«AMANAT» партиясы облыс орталығынан бастап ең шалғайдағы ауылға дейін өңірдің әрбір елді мекенінде лайықты өмір сүру жағдайларын жасау үшін бар күшін салады. Жыл сайын облыста 767,5 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі. Осының аясында 1,2 мыңға жуық отбасы баспанамен қамтылады. Халыққа сапалы медициналық көмек көрсетілуіне жәрдемдесеміз. Ауылдардағы су, жол, жер мәселелері түбегейлі жойылады. Ол үшін нақты іс-шаралар жоспарын құрдық», − деді кездесуде Дархан Суртаев.
Кандидаттар сайлауалды бағдарлама облыстағы газдандыру, білім, туризм саласына қатысты да тың бастамаларды жолға қойған. Нақты істің партиясымыз дегендер көпшілікті алдағы саяси кезеңде партияға дауыс беруге үгіттеді. Өз кезегінде қатысушылар сайлауалды бағдарламаның бағыттарына көңілдерінен шығатынын атап өтті.
Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді