ШҚО-да кандидаттар БАҚ өкілдерімен кездесті

Автор: Azattyq Rýhy

Ұлттық мәдениетті қолдау, ыңғайлы тілдік ортаны дамыту сынды мәселелер де талқыланды

«AMANAT» партиясының кандидаттары Өскемен қаласында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кездесуде партиялық бағдарламаның басты бағыттары кеңінен талқыланды.

Жалпы «AMANAT» партиясы білім беру мен денсаулық сақтау саласын дамытуда айтарлықтай жетістікке жетті. Дегенмен партиялық қабылдауда айтылатын шағымның көбі осы салаларға қатысты болғандықтан, проблемалар да аз емес.

«Біз барлық қордаланған мәселелерді шешуге тырысамыз. Шынында, сапалы білім беру мен денсаулық сақтау қызметі еліміздің әрбір тұрғыны үшін қолжетімді болуы тиіс. Теңсіздік пен аймақтық диспропорция мәселесі күн тәртібінен түсуі керек», – деді облыстық мәслихатқа үміткер Светлана Кривицкая.

Сондай-ақ кандидат әлеуметтік қорғау, экологияны жақсарту, сапалы жұмыс орындарын құру, қауіпсіз және құқықтық мемлекет жөнінде сөз қозғады. Ұлттық мәдениетті қолдау, ыңғайлы тілдік ортаны дамыту сынды мәселелер де талқыға түсті.

«Халқымыздың ауызбіршілігі арта түссе, сыртқы қауіп пен ішкі сын-қатерге мықты тосқауыл қоя аламыз. Біз мемлекет тұтастығын, бірлік пен игі іске жұдырықтай жұмылуды белсенді азаматтық қоғамның басымдығы мен көрсеткіші деп санаймыз. Сондықтан халықпен қашанда бірге болған «AMANAT» партиясына дауыс беріңіздер!» – деді кандидат Светлана Кривицкая.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді