«Жер аманаты» аясында 345 мың гектар жер ауыл шаруашылығы айналымына енгізіледі

Автор: Azattyq Rýhy

«AMANAT» үміткерлері Қызылорда облысында еңбек ұжымымен кездесті

«AMANAT» партиясынан Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттығына үміткерлер  Сыр маржанын  егуде көшбасында жүрген «Мағжан и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  ұжымымен кездесіп, партияның Сайлауалды бағдарламасында айтылған еңбек адамын қолдау, ауыл шаруашылығын дамыту перспективалары төңірегінде ой бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Айта кететін бір жағдай, күріш дақылы үлкен еңбекті қажет етеді. Шаруашылықтың мән-жайын жіті түсінген сіздер секілді еңбек адамын қолдау партияның негізгі басым бағыттары болып енгізілді. Биыл да ел несібесін молайтуға үлес қосатындарыңызға сенім мол. Ауыл шаруашылығы құрылымдарына өнім шығымдылығы мен сапасын арттыруға партия тарапынан қолдау да, қадағалау да болады. Бұл біздің алдағы 5 жылда атқаратын бағытарымыздың біріне саналады», – деді депутаттықа кандидат Нұркен Бақытбекұлы.

Үміктер Жанат Қожарипова партия бағдарламасындағы азаматтардың медициналық қызметке қол жетімділігін арттыру бағытындағы кешенді жобаларды жеткізсе, Гүлшат Мұсаева облыста ауылшаруашылық мамандарын даярлау үрдісін қалыптастыру арқылы байыпты бастамалар іске асырылатындығын тілге тиек етіп, еңбек ұжымын партия бастамаларын қолдап, дауыс беруге шақырды. 

Жалпы «AMANAT» партиясы алдағы бес жылда өңірде ауыл шаруашылығы саласында 8 ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға қолайлы жағдай жасап, аймағымызда құс фабрикасының, қызанақ пастасын өндіретін зауыттың, түйе сүтін өңдеу зауытының, күріш өңдеу және құрама жем зауыттарының салынуына ықпал етеуді көздеп отыр. Сонымен қатар «Жер аманаты» партиялық жобасы аясында заңсыз берілген немесе пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтаруды және 345 мың гектар жерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізу жұмыстарын үйлестіріп,су үнемдеу технологияларын қолдану арқылы пайдаланылатын жердің көлемін 800 гектарға ұлғайтуға ықпал етеді.

Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді