Таразда аманаттықтар денсаулық сақтау және білім беру мәселелерін талқылады

Azattyq Rýhy

Жамбыл облыстық сайлауалды штабының мүшелері тұрғындармен кездесті

Таразда аманаттықтар денсаулық сақтау және білім беру мәселелерін талқылады

«AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық сайлауалды штабының мүшелері Тараз қалалық көпбейінді аурухананың қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жиын барысында партиялықтар соңғы жылдары өңірімізде денсаулық сақтау саласының 20 нысаны пайдалануға берілгенін жеткізді

«Аймақтағы ауылдарда емхана, 15 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік және 2 медициналық пункт ашылды. Жалпы, қазіргі уақытта облыста 466 денсаулық сақтау мекемесі бар. Оның ішінде, мемлекеттік 388 болса, жекеменшік нысан – 58. Облыстың медициналық мекемелерінде 15,7 мың дәрігер мен медбике жұмыс істейді», - деді Қасымхан Төлендиев.

Айта кетейік, бүгінде 5 денсаулық сақтау ұйымы жалға берілетін және бейімделген үй-жайларға орналастырылған. Ал денсаулық сақтау ғимараттары 52,4 пайызға тозған. Сонымен қатар облыстың медициналық мекемелерінде 108 жоғары білікті маман жетіспейді. Сәйкесінше, бұл мәселелерді шешу уақыт пен атқарушы және бақылаушы органдардың бірлесе жұмыс істеуін қажет етеді.

Бұдан кейін, облыстық сайлауалды штабының мүшелері облыс орталығындағы «Ұлы Дала» мөлтекауданындағы жаңа мектептің құрылыс алаңында болды. Кездесуде аманаттықтар алдағы бес жылда бұл саладағы құрылыс қарқын алатынын, мұндағы жұмыстардың сапасы мен 18,7 мың орындық 65 жаңа мектептің уақтылы пайдалануға берілуі партияның бақылауында болатынын атап өтті.

«Бұл оқушы орындарының тапшылығын толығымен жоюға мүмкіндік береді. Үш ауысымдық оқыту мәселелерін шешу үшін төрт мектепте кең кеңейтімдер пайда болады. Мысалы, Шу ауданында апаттық мектепті толық қайта құру жоспарланып отыр. Сондай-ақ 110 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтеді. Шағын қалалар мен ауылдарда кемінде 52 мектеп заманға лайық стандарттарға сәйкес жаңғыртылатын болады. Білім ошақтары химия, биология, физика, робототехника және STEM кабинеттерімен қамтамасыз етіледі. Әрине, барлық оқу ұйымы, соның ішінде мектепке дейінгі, мектептер мен колледждер білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті көңіл бөлінеді.

Біз балалардың сауықтыру лагерьлерін ашу үшін шаралар қабылдап, олардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін жаңа ірі объектілердің құрылысын бастаймыз. Партиялықтар жастар ортасындағы жұмыссыздықты жою мақсатында жергілікті балаларды колледждерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін оқытумен қамтамасыз етуге ықпал етеді. 5 жыл ішінде білім беру саласында оқушы орындарының тапшылығын жою, ескі мектептер санын қысқарту, балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100 пайыз қамту сондай-ақ студенттік жатақханалардағы орындардың тапшылығы мәселесін шешуді мықтап қолға аламыз», - деді облыстық сайлауалды штабының мүшесі Уәлихан Болатбек.

Бұл күні облыстық сайлауалды штабының мүшелері «Есіктен есікке» акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Акция барысында облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Қасымхан Төлендиев пен Уәлихан Болатбек «Ұлы Дала» мөлтекауданындағы жергілікті халықтың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Белгілі болғандай, мұндағы халықтың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне көңілі толмайды.

«Жамбыл облысы елімізде ең қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Осыған байланысты халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету қажеттілігі туындауда. Бүгінгі таңда облыста тұрғын үй алуға кезекте тұрған 7,7 мың көпбалалы және 16,2 мың әлеуметтік осал отбасы бар. «AMANAT» партиясы алдағы 5 жылда әлеуметтік тұрғын үй құрылысына және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдеседі. Бес жыл ішінде 9 мыңнан астам отбасын, оның ішінде 1,6 мың көпбалалы және халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда», - Қасымхан Төлендиев.

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.