«AMANAT» партиясының облыстық мәслихат депутаттығына үміктерлер тұрғындармен кездесті
«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы атынан ҚР Парламенті Мәжілісі мен облыстық мәслихат депутаттығына үміктерлер «ARAY CITY MALL» сауда ойын-сауық орталығында қала тұрғындарымен кездесіп, сайлаушыларды ел өміріне белсенді араласуға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, халық тұрмысын жақсартуға арналған бастамаларын жеткізді. Мәселен, партия бағдарламасында жаңа жұмыс орындарын ашу, жастарға мүмкіндік беру, туризм мен ауыл шаруашылығын дамыту, сапалы білім мен қолжетімді медицинаға жағдай жасау, бұқаралық спортты, мәдениетті дамыту, сондай-ақ халықты тұрғын үймен, ауыз сумен және газбен қамтамасыз ету, жол сапасын жақсарту бағытындағы нақты жоспар бар.
«AMANAT» партиясы облыс орталығынан бастап өңірдегі әрбір елдімекенде тұрғындардың лайықты өмір сүруі үшін барлық жағдайды жасауды жоспарлап отыр. Алдағы бес жылда осы мақсатта апатты мектептерді толығымен жою үшін жаңа білім беру нысандарының салынуына, балалардың 100 пайыз балабақшамен қамтылуына ықпал етпек. Облыста 1,2 мың көпқабатты тұрғын үйдің 583-і немесе 45%-ы жөндеуді қажет етеді. Тұрғын үй салу көлемін ұлғайту арқылы халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруға жұмыс жүргізілетін болады», - деді үміткер Нұркен Бақытбекұлы.
Сондай-ақ үміткер Айсұлу Қасымова кездесуде сайлауалды бағдарламаның жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға оң ықпал жасайтынын жеткізді. Оның айтуынша, партиялықтар кәсіпкерлік бастаманы несиелеу бойынша 1300 жасқа 2,5% жеңілдетілген несие берілуіне қолдау көрсетеді. Сонымен қатар «Жастар Рухы» ЖҚ арқылы жастарды қолдау бағытында әлеуметтік лифтілер ұйымдастырылады.
Бұдан бөлек, кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасында халықты толғандарған түйткілді мәселелердің басым бөлігі қамтылды. Соның ішінде жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жаңғырту, грант санын көбейту, шәкіртақыны көбейту, оқытушылардың жалақысын өсіруге мән беру бастамалары да көрініс тапты.
«Біз жалған ұран тастап, орындалмайтын уәде бермейміз. Біздің артықшылығымыз – нақтылық, шынайылық және әділдікке ұмтылыс», - дейді үміткерлер.
Жиын соңында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасында қоғамда әбден қайнап, пісіп-жетілген проблемаларды шешудің нақты жолы мен басым бағыттары айқындалғанын жеткізіп, тұрғындарға үгіт жұмыстарын жүргізіп, талап-тілектерін тыңдады.
Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді