Сенат депутаттары Алғыс айту күнімен құттықтады

Автор: Azattyq Rýhy

1 наурыз – Алғыс айту мерекесі

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Парламент Сенатының депутаттары Алғыс айту мерекесімен құттықтап, елімізде түрлі салада еңбек етіп жүрген азаматтарға алғысын жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Алғыс айту күні – Қазақстан үшін өте ерекше мереке. Себебі Алғыс айту күні біз арнайы қазіргі заманның батырларына алғыс айтамыз», - деді Геннадий Шиповских.

Өз кезегінде Евгений Больгерт қазіргі таңда халық арасындағы қарапайым адамдарды насихаттау керегін айтты.

«Ел арасында жүріп, біздің балаларымыздың өмірін құтқарып жүрген батырлар бар. Мысалы, өз өмірін қатерге тігіп баланың өмірін сақтап қалған Сәбит Шонтақбаев, өзінің қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан Асқар Забикулин сынды адамдар біздің арамызда жүргенін білеміз. Олар біздің қоғамды мейірімді етіп, жақсарта түсуде», - деді Больгерт.

Депутат Алишер Сатвалдиев таңнан кешке дейін еңбек етіп жүрген қарапайым азаматтарға алғыс айтты.

«Президентіміз де елде еңбек етіп жүрген қарапайым азаматтардың еңбегін ерекше атап айтады. Мен осындай қарапайым отбасында тәрбие көргеніме қуанымын және сол кісілерге алғыс айтамын», - деді ол.

Ал Нурия Ниязова батыр ұл тәрбиелеген аналарға алғыс айтса, Зәкіржан Кузиев барша қазақстандықты мерекемен құттықтап, бейбітшілік пен келісім тіледі.

Елімізде Алғыс айту күні 2016 жылдан бастап мерекеленіп келеді. Алғыс айту күні – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.