Бұл туралы ҚазАвтоЖол ҰҚ баспасөз қызметі хабарлады
Бірқатар жол учаскесінде қозғалысқа енгізілген шектеу алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторының мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында ауа-райының жақсаруына байланысты Тимирязев ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі учаскеде және Қостанай облысының шекарасынан Рузаевка ауылына дейінгі аралықта қозғалысқа енгізілген шектеу алынды.
Ал Қостанай облысында республикалық маңызы бар М-36 «РФ (Екатеринбургке) – Алматы» тасжолының Сарыкөл кентінен СҚО шекарасына дейінгі аралығы ашық.