Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне келді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.
«АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен келіссөздер жүргізу үшін Сыртқы істер министрлігіне келді», - делінген хабарламада.
Тақырыпқа орай: Энтони Блинкен Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетіне барды
Айта кетсек, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Астанаға ресми сапармен келген болатын.